Әлеумет

Амангелді көшесінің тұрғындары Үлгілі іске ұйытқы болды

Күз қыстың қамын түгендеп, етек-жеңіңді жинақтайтын кез. Сонымен қатар, төңіректің тазалығын да назардан тыс қалдырмауымыз тиіс. Ол үшін арнаулы тазалық айлығы жарияланды. Әрине, тазалық жұмысын тек айлыққа тіреп қоюға болмайды. Дегенмен, айлыққа атсалысу әркімнің міндеті.
Осы орайда Ойыл селосындағы Амангелді көшесі тұрғындарының ісі құптарлық. Нұржан Бермұқашев пен Нұрлыжан Мұқашевтардың бастамасы көшенің барлық тұрғындарына қолдау тапты. Отбасы мүшелері түгел шығып, көшені сыпырып, көпке үлгі көрсетіп жүр. Көктемде де осындай шара өткізген. «Бірлігі жарасқан көшенің тұрғындары» деген атаумен өткен шаралардың негізгі мақсаты – балаларды тазалыққа тәрбиелеп, еңбекке баулып, ортақ көшенің тазалығына деген көзқарасын қалыптастыруды көздейді. Ойыл селосының шеткерірек аймағында орналасқан көше болғандықтан, өріске шығатын малдың жолы. Өткен бейсенбі күні өткен шара ертесіне Қарттар күніне орай көшенің зейнеткер тұрғындарына құрмет көрсетуге ұласты.

Басқа жаңалықтар