Білім

Білім саласында жетістік көп, Олқылықтар да аз емес

Өткен аптада Ойыл ауданына облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан келіп, аудан мектептерінің директорларымен кездесті.

Облыстың білім саласындағы күрмеуі қиын мәселелерге тоқталған облыстың бас педагогы білім беру барысына пандемияның тигізген «салқынын» да жасырған жоқ. Соның салдарынан облыста білім сапасы 12 пайызға төмендеп кетіпті. Сонымен қатар, тәрбиенің де «ақсап» қалған тұстары бар. Жетістіктен гөрі жетіспеске назар аударған Жолдас Нұрланұлы аудандағы білім беру барысындағы өзекті мәселелерге де көңіл бөлді. Мұғалімнің міндеті мен мәртебесін, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы берілетін тәрбие жұмыстарына тоқталды.
Сапары барысында ауданның білім беру нысандарының жұмысымен танысып, ондағы олқылықтарды да жасырмаған бас педагог Ойыл аграрлық колледжінің жұмысына ризашылығын білідіріп және кеше ғана өткен «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңінде екінші орын алған Әсел Тоғызбаеваның жетекшісі мен Сапақкөл орта мектебінің директорына алғыс айтуды да ұмытқан жоқ. Екпетал мектебі оқушыларының кітапқа құштарлығына көңілі толғанын да жасырмады.

Басқа жаңалықтар