Спорт

Облыстық турнир Тұңғыш Президент күніне арналды

Өткен аптаның соңында Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне және әдебиеттанушы-ғалым, Қазақстан ғылымы академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Әнуар Дербісәлинді еске алу құрметіне арналған тоғызқұмалақтан 2008-2009, 2010-2011, 2012 жылы туылған және одан төмен жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасында облыстық ашық турнир өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатына ардагерлер мен қоғамдық ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты. Аталмыш шараға Ақтөбе облысынан 9 команда, оның ішінде Ақтөбе қаласы, Байғанин, Ырғыз, Ойыл аудандарынан 100 оқушы қатысып, бақтарын сынады. ҚР чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және спорт шеберлігінен үміткер спортшылар қатынасқан облыстық турнир 3 күнге созылды. Облыстық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Әнуар Дербісәлин ұрпақтарының демеушілігімен мақтау қағаздары, медальдары және естелік сыйлықтармен марапатталды. Дәстүрге айналған облыстық турнир алда әлі де өз жалғасын табатын болады.

Басқа жаңалықтар