ӘкімдікӘлеумет

Қайырымдылық керуені — 30 отбасыға тарту

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай бүгін аудандық мәдениет үйінде «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясының аясында салтанатты шара өтті. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жоспарына сәйкес 30 кәсіподақ мүшесіне Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай алғыс хат табысталып, әр кәсіподақ мүшесіне 30 мың теңге көлемінде азық-түлік берілді. Аудан бойынша білім беру мекемелері яғни, бөбекжай -балабақша, мектеп ұжымдары қамтылды. Салтанатты шараға қатынасқан аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев ауданымызда атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып өтіп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Аянбай еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелерін құттықтаған аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлмира Избағамбетова елімізді көркейтуге үлес қосып жүрген, соның ішінде көпбалалы отбасылар, алтын алқа және күміс алқа аналар мен әкелерді үнемі марапаттан тыс қалдырмайтынын, тұрақты түрде көмек көрсетіліп жүретінін тілге тиек етті. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Басқа жаңалықтар