ӘкімдікБасты тақырыпРухани жаңғыру

ТУ ТҰҒЫР

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Сейсенбі күні барша Қазақстан Халқы ұлттық мереке – Республика күнін атап өтті. Биыл 25 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілейтін заңға қол қойған болатын.
Осы мерекеге орай аудан орталығында Ту тұғыры орнатылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараның шымылдығы Мемлекеттік әнұранымыздың орындалуымен ашылып, көк байрағымыз өз биігіне көтерілді.
Салтанатты ашылуында аудан әкімі Асқар Қазыбаев барша жиналғандарды мерекемен құттықтап, мемлекетіміздің айшықты нышандарының бірі саналатын байрақ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тарту екенін жеткізді.
Байрақтың ені 1,5 метр болса, Ту тұғырдың биіктігі – 18 метр. Бұл тұғыр алдағы уақытта ауданымыздың көрнекті орындарының біріне айналары сөзсіз.

Басқа жаңалықтар