ӘкімдікБасты тақырып
Босаңсуға әлі ерте!
Бүгінде коронавирус індетіне шалдыққандар саны дүние жүзінде 4,2 млн. жақындады. Медицинасы дамыған ел деп бағаланатын АҚШ пен Еуропа елдерінің жағдайлары да мәз емес. Ал біздің елдегі жағдай әлем мемлекеттерімен салыстырғанда барынша тұрақты. Алайда елімізде вирус жұқтарғандар саны артып келеді.
Бірақ, вирус жұқтыру динамикасы әлдеқайда төмен. Президент тарапынан қабылданып жатқан шаралардың барлығы дұрыс. Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, шектеу шараларына қатаң назар аудару керек. Шектеу шараларын ең алдымен ауылдық, аудандық деңгейде қатаңдату қажет. Олай деуге себеп — карантин режимі кезінде алынған шаралардың арқасында, ауыл-аймақта вирустың әкелуіне,таралуына жол берілген жоқ. Коронавирусқа қарсы вакцина табылғанша бізге осы індетпен қатар өмір сүруге тура келеді. Бұл аса қауіпті мәселе, сондықтан адамдар санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауды және тұрғындар арасындағы қарама-қатынас мәдениетін өзгертуді, сонымен қатар жеке басының, қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтауды үйренуі тиіс. Сол кезде барып елімізде вирус жұқтырғандар саны азаяды. Сондай-ақ еліміздегі шектеу шараларының созылуының өзі халықтың денсаулығын сақтауға деген мемлекеттің көңілі деуге болады. Қазіргі ең басты мәселе -халқымыздың шектеу шаралары аяқталған соң да тәртіпті сақтай білуінде. Өз мәдениетімізді өзгертуіміз керек. Сондықтан елімізде қабылданып жатқан іс-шараның барлығы да тұрғындар үшін ауадай қажет, әрі дұрыс деп білемін. Сонымен қатар, халықтан сұрайтынымыз шектеу шараларының уақыты біткенше түсіністікпен қарап көпшілік жерге бармауды, аса қажет болмаса үйден шықпауларыңыз сұралады.
Ойыл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасы