ӘлеуметБасты тақырып

Айдынғали — облыстық батагөй ақсақалдар байқауының жеңімпазы

Наурыз мерекесі – ұлттық дәстүрлерді сақтау мен аға буынды қадірлеу мерекесі. Қазақ халқының әр мейрамы ақ тілек пен батасыз өтпеген. Наурыз мейрамында да батаның алар орны ерекше. «Көрісу күнінен» яғни «Амал» мерекесінен бастау алған Наурыз мерекесінің бүгінгі күні адал ниет пен жақсы тілектен құралатын ұлттық құндылықтың бірі батаға арналды.

Тарқатып айтсақ, жуырда бата күніне орай облыстық «Батамен ел көгерер» атты батагөй ақсақалдардың байқауы ұйымдастырылды. Аудандық деңгейде бастау алған байқаудың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған байқаудың мақсаты – салт-дәстүрімізді насихаттау, ежелден келе жатқан батаның мағынасы мен мазмұнын жас ұрпаққа дәріптеу, бойына сіңіру, батаның қадір қасиетін түсіндіру. Облыстық батагөй ақсақалдардың байқауында жерлесіміз Айдынғали Тұрғаналиев бас жүлдені жеңіп алды. «Атаңнан бота қалғанша, бата қалсын», — деген дана халқымыз батаның қадір қасиетін ертеден зерттеп білген. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған киелі «Көкжар» өңірінің ақсақалдары да бата беруден кенде қалған емес. Айдынғали атамызда соның бір көрінісін облыс деңгейінде көрсете білді. Кейінгі буынға еңбек етудің үлгісіне айналған Айдынғали ақсақалдың ісі ойылдықтарға бұрыннан белгілі. Ал, бүгінгі асуы нағыз қазақ ақсақалына тән қасиет.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар