Әлеумет

Қасиетті айдағы қайырымдылық

Өткен демалыс күні Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі және аудандық орталық мешіттің ұйымдастыруымен футболдан қайырымдылық турнирі өткізілді. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Әрине, жарыстың мақсаты — мұқтаждың қажетін өтеу. Осы орайда жиналған қаражат Амангүл Сейітбекқызы Жауынбаеваның еміне табысталды. Қайырымды іске атсалысқан барша жанға Алла разы болсын дегіміз келеді. Келіп жеткен Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын! Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!

Басқа жаңалықтар