ӘлеуметМәдениет

Ойылдағы отбасы күні

15 - ші мамыр халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттілігінен туындаған. Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Сол отбасының алтын діңгегі болып, айрандай ұйытатын ол әрине ата-анамыз. Оларға қарап біздер тәрбие алсақ, біздерге қарап келешек ұрпақтың сабақтастығы қалыптасады. Елбасы «Отанға деген ыстық сезім, жақындарына туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады деген» болатын.

Осы орайда ауданымызда «Отбасы – отанымыздың ошағы» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Бұл шараға ауыл мен аудандарға өзара үлгілі болып жүрген отбасылар арнайы шақырылған. Отасқандарына 50-60 жылға жуықтаған ата–әжелеріміздің басы бірігіп, жиналаған жастарға өмірдің ащысы мен тұшысын, қайғысы мен қуанышын сабақтастыра отыра айтып берді. Отбасы — қоғамның іргетасы. Соның бір дәлелі отау құрғанына 58 жыл болған Жұманов Амангелді мен Тыным апамыз, отасқандарына 50 жыл толған Қисықов Аманғос пен Нұрсұлу апамыз, отбасы құрғандарына 49 жыл болған Қойбағаров Қойшыбай ағамыз бен Қаламқас апамыздай отбасылар келіп өз өмірлеріндегі болған оқиғаларымен қатар отбасылық өмірдің өз ережелерімен ұстанымдарын қазіргі жастарға ақыл кеңес ретінде айта кетті. Бұл кешке тағыда өзге қоғам жұмыстарына белсенді араласатын отбасыларда бой көрсетіп әңгімені өрбіте түсті. Отбасы- шағын мемлекет. Сол мемлекеттен ана сүтін бойына дәріптеп, қазақылықты бойына сіңдіріп, еліміздің атын алты алашқа үлгі қылатын жас ұрпақтарымыз өсіп келуде. Бірақ ол үшін отбасының берік жаңғыруын басынан бастап қадағалануы керек. Аталған шараға жиналған көпшілік отбасылардың әңгімелерімен қатар мәдинет үйінің өнерпаздарының өнерлерін тамашалады. Осы орайда «Отбасы – Отанымыздың ошағы» атты мәдени шараға белсене қатысып насихаттауға үлес қосқаны үшін келген отбасыларға алғыс хаттар мен шағын сый-сыйапаттар берілді. Осындай берері мол тәрбиелік мәні зор шарада өз көрген-білгендерімен бөлісіп көремендерге ерекше әсер беріп ой салғандарына сенімдеміз.

Өміргүл Темірхан.

Басқа жаңалықтар