ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жәрмеңкесі тұрғындарға көмек пен сапаның куәсі
Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, қызмет көрсету сапасын арттыруды ұдайы қамтылып келеді. Қазіргі таңда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылдық жерлердегі тұрғындарды электрондық қызметке көшіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жеке адамдарды қызмет түрлерімен ақпараттандыру деңгейін көтеру және өзектендіру бағытындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарын жандандыру болып табылады.
Осыған орай аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі аппаратының бекітілген жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Жұмамұрат Алдашев арнайы қатысып, мемлекеттік қызмет жәрмеңкесінің мақсаты мен маңыздылығы, тиімділігі мен сапасы жөнінде түсіндіріп өтті. Жәрмеңкеде аудандық жергілікті атқарушы органдар және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тұрғындарға қызмет көрсету жөнінде ақпараттар берді.
Аудан тұрғындарының көп сұранысына ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін жергілікті атқарушы органдар, аудандық орталық аурухана және аудандық кірістер басқармалары қатысып, қызметті алушыларға өздерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы консультативті-әдістемелік көмек көрсетті. Жәрмеңке кезінде 120 тұрғын әр сала бойынша өзіне қажетті мәліметтерді тікелей жауапты мамандардан алса, 20 азамат өзіне-өзі қызмет алу секторынан мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алды.
Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Ойыл аудандық бөлімінің басшысы Айбек Бақтыгереев өзіне қызмет көрсету столында «Е-gov»-қа қалай кіруді, элеоктрондық-сандық қолтаңба алуды слайд арқылы көрсетті.
Жәрмеңке барысында азаматтық хал актілерді тіркеу саласы бойынша мемлекеттік мекеме қызметкері 4 қызметті алушыдан тікелей мемлекеттік қызметке өтініш қабылдады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алудағы құқығымен шағымдану тәртібін түсіндіру үшін Ойыл аграрлық колледжінің еріктілері тобы Ойыл селосының орталығында тұрғындарға түрлі үнпарақтар таратты.
С.Нарегеев.