Әкімдік
Мемлекеттік қызметшілердің міндеті
Кеше Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әділбек Мұқашев мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев аудандағы мемлекеттік қызметте жүрген мемлекеттік қызметшілер жайында жан-жақты мәлімет берді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әділбек Қайырбекұлы мемлекеттік қызметтің маңыздылығын айтып, оның жауапкершілігімен заңдылықтарын, міндеттері жөнінде тоқталды. Кездесу жиынында Ойыл ауданының әр салада жасайтын мемлекеттік қызметшілер ұсыныс-пікірлерін айтып, сауалдарын қойды. Кездесу жиынында бірқатар мемлекеттік қызметшілер категориялар бойынша жалақы көлемі жөнінде мәселе көтерді. Себебі қызметтің көптігіне байланысты кей жағдайларда жалақы көлемі аздық ететінін де жасырмады. Оған жауап берген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы арнайы комиссия арқылы жұмыс көлемін қарап, категория бойынша жалақы мәселесін шешуге болатындығын нақты айтып өтті.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.