Басты тақырып

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

Өткен аптада аудан басшысы Асқар ҚазыбаЕвтың төрағалығымен және аудан прокуроры Нұрлыбек Жолаев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Дархан Ғалымжанов және бірқатар мекеме басшыларының қатысуымен Ақтөбе облысы әкімімен бекітілген «2021-2022 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын-алуға қатысты ведомствоаралық іс-шаралар жоспары» мен «2020-2025 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алуға жұртшылықты тарту жоспары» тармақтарының орындалуын талқылау, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында отырыс өтті.

2022 жылдың 5 айында аудан аумағында орын алған қылмыс пен криминогендік жағдайы өткен жылдың осы кезеңімен салыстыра отырып талдау жүргізілді. Жиында криминогендік аумақтарды патрульдеу қоғамдық тәртіпті сақтаудың басты міндеті болып табылатындығын, құқық бұзушылықтың алдын алуға жұртшылықты тарту мақсатында аудандағы кәсіпорындар және ұйымдармен жасалған меморандумдардың орындалуы, рейдтік жұмыстардың ұйымдастырылу деңгейлері, ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу , видеобақылау қондырғыларының  қылмыс пен құқықбұзушылықтарды алдын алу мен ашудағы тиімділігі, бас бостандығын айыру орындарынан босап келген және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мал бағуды ұйымдастырудың қажеттілігін тұрғындар арасында түсіндіру, жылқы малын таңбалау және джпс-трекерлер орнату, жастар мен кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтарды алдын-алу шаралары және өзге  де сұрақтар талқыланды. Жасалған бірқатар жұмыстардың бар екендігін ескере отырып, аудан басшысы мен прокуроры тарапынан бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Басқа жаңалықтар