Басты тақырыпСпорт

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЕКІ ЖҮЛДЕ

Жуырда Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.И.Аносовты еске алуға арналған 2008-2009 жылдарғы жасөспірімдер арасында екінші халықаралық турнир өтті. Еліміздің бірнеше облысы мен Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 150-ден астам балғын боксшылар қатысқан турнирге Ойыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бокс үйірмесінің жаттықтырушысы Сейітжан Ермағамбетов те өзінің үш шәкіртін үкілеп қосты. Бұған дейін талай жарысқа қатысып, ысылған балғын былғары қолғап шеберлері бұл жолы да бапкерінің үміт ақтады. Оның екеуі жүлдеге қол созды.
Мәселен, 66 кг салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Ғалымжан Қаршыға қола жүлдеге ие болса, 70 кг-да талай жерде топ жарған Исабек Манарбеков турнирдің күміс медалына қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар