Басты тақырып

САРАЛЖЫН ОРТА МЕКТЕБІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Өткен жұмада Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Жеңісбек Ақбергенов Ойыл ауданына арнайы іссапармен келді.

Іс-сапар барысында Жеңісбек Ақбергенұлы және Ойыл ауданының білім бөлімінің басшысы Серік Меруенов «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің ғимаратына жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ жобалық сметалық құжаттарын қарап, мердігер «ИМАН» ЖШС өкілдеріне жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін, құрылыс материалдарының уақытында тасымалдануын қадағалау, құрылыс материалдарының сапалы болуын келісім-шарт бойынша уақытында аяқтау жөнінде тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, жергілікті жердің тұрғындарын жұмысқа тарту бойынша сөз қозғалды.

Өз тілшіміз.

 

Басқа жаңалықтар