ӘлеуметБасты тақырып
«Еліміздің тұтастығы — Ата Заң»
30 тамыз – Ата Заңымыз қабылданған күн. Ата Заң — азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат. Ата Заң — азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады. Ата Заң — әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.
«Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығының ұйымдастыруымен Конституциясы күніне орай «Еліміздің тұтастығы — Ата Заң» атты мәдени шара өтті. Шараға Ойыл аудандық сотының судьясы А.Төремұратова, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы М.Досов, аудандық қорғаныс істері бөлімінің қызмет басшысы А.Қарасаев, орталық аурухананың заңгері Ә.Бөлтекова және жастар қатынасты. Шара барысында қонақтармен сыр сұқбат жүргізілсе, жастарға интеллектуалды сұрақтар қойылып, көркемөнерпаздар өнерлерін ортаға салды.
Г.Бисекенова,
Мәдени ұйымдастырушы.