Басты тақырыпРухани жаңғыруСұхбат

Көкжар жәрмеңкесіне 155 жыл

Ойыл жәрмеңкесі

Екі-үш жылдан бері саудагерлердің һәматымен салынып жатқан Ойыл мешіті биыл тәмам болып, 2-нші иунде анықталып ашылып, жұма намазы оқылды. Халық көп еді, әсіресе адай халқы.
Жұма намазынан бұрын мешіт имамы Мұхамеджан молда көпке уағыз сөйледі. 16-ншы иунде председателдің рұқсатымен бәйге болып, 14 ат шауып, бас бәйгені таз руынан Бақтияр деген кісінің аты алды (бас бәйге 20 сом ақша, бір қызыл тон еді.) Күрес болды.
М.С.
Бұл тарихи дерек 1913 жылы, 29 маусымда «Қазақ» газетінің 20 номерінде жарыққа шыққан.
Жоғарыда айтылған тарихи деректер Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейінің ғылыми қызметкері Дулат Исабаевтан алынды.

Басқа жаңалықтар