Басты тақырыпМәдениет

«Бәріне бірдей мүмкіндік – қоғамның басты талабы»

Қазанның екінші жексенбісі – мүгедектер күні екенін екінін бірі біле бермейді. Деректерге сүйенсек, жер шары тұрғындарының 10 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамымыздың бір бөлігі.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
«Жанашырлыққа — жан риза» дегендей мүмкіндігі шектеулі жандарға жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Мүмкіндігі шектеулі адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, демеу болу – кісіліктің белгісі. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсыну да биік парасаттың өлшемі.
Осы орайда өткен жұма күні «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында атаулы күнге орай арнаулы шара өтті. Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту мақсатындағы аудандағы жұмыстарды жеткізіп, олардың ешқашан қоғамның назарынан тыс қалмайтынын айтты.
Ән-жырмен алмасқан кеште «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығы жанындағы «Үкілі үміт» клубының мүшесі Гүлсім Елекбаева лебізін білдірсе, Мейірімбек Қаныбекұлы «Анашым» әнін шырқады. Кеш соңында мерекелік шараға келген қонақтарға арнаулы сыйлықтар табыс етіліп, дастархан жайылып, дәм ұсынылды.
С.ХАМЗИН,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар