ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпБілімДенсаулықМәдениетРухани жаңғыруЭкономика

МЕРЕКЕ КҮНГІ ЖӘРМЕҢКЕ

Республика күні мәртебелі мейрам біздің ауданда да кең көлемде тойланды. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы саябақта» мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылып, мерекенің көркін келтіріп, ажарын айшықтай түсті. Осы күні айтулы мерекеге орай шаруашылықтар мен жеке кәсіпкерлер және бірқатар сауда орталықтары ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрғындарға төмен бағада ұсынды. Сапасы жоғары, бағасы қалтаға қонымды тауарларға сұраныс көп болды. Жәрмеңке сөресіндегі өнімнің басым бөлігі ет, сүт өнімдері мен тары-талқан, тұздалған көкөністер секілді өнімдердің түр-түрі болды.
Жәрмеңкені тұрғындармен бірге аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы да аралап, тұрғындар мен кәсіпкерлерді егемен еліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар осы шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне сүбелі еңбек сіңірген азаматтар марапаттан шет қалмады. «Ойыл ауданының Құрметті азаматы» Ғазиз Займолда Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталса, медицина ғылымдарының докторы, профессор Базылбек Жакиев те марапатталды. Республика күні қарсаңындағы жәрмеңкенің өне бойында ән мен күй қалықтап, сахнада концерттік бағдарлама жүріп жатты.
Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар