Басты тақырыпДенсаулық
АУДАНЫМЫЗҒА ТАҒЫ БІР ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ
Науқастардың өмірін арашалауға алғаш болып жәдел жәрдем бригадасы баратыны белгілі. Ал, дертке шалдыққандардың тағдыры дәрігерлер мен медициналық жабдықтарға, көлікке де байланысты. Облыстың емдеу мекемелерінің бас дәрігерлеріне JAC санитарлық реанимобильдері табыс етілді. Ойыл аудандық ауруханасына да берілген реанимобиль енді аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады.
Автокөлік алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. Өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор- мониторлар, электрлі сорғыштар, жедел медициналық көмек көрсету үшін реанимациялық құрылғылары бар.