Басты тақырып

АҚГҮЛ ЛОНДОНҒА БАРАДЫ

Оқушылардың білімін, шығармашылық қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған “Owlypia Intellectual Challenge” халықаралық Британ зияткерлік байқауы Ақтөбе қаласында офлайн форматта өткен болатын.
Байқау 11-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған және әртүрлі бағыттарда, әдебиет, ғылым, өнер, әлеуметтік ғылымдар және технологиялар бағытында өтеді.
Бұл байқауға Ақтөбенің БИЛ, Ақбөбек, Сымбат сияқты дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарынан барлығы 150 оқушы қатысты. Біздің ауданнан Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің 6-сынып оқушысы Ақгүл Ернарқызы қатысып, күміс медалға ие болды.
Ақгүл алдағы жылдың тамыз айында Англияның Лондон қаласында өтетін кезеңге жолдама алды.
Балғынды байқауға дайындаған ұстазы Нұршат Нұртасованың еңбегі зор.
Айта кетейік, Ақгүл бұған дейін де мектепаралық, аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып, түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталған.

 

Басқа жаңалықтар