Басты тақырып
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектес тыс сайлауына Ойыл тұрғындары өз таңдауларын жасап, дауыс беруде. 389 сайлау учаскесінде ең қарт сайлаушы Тыныштық Қадырова әже болды. -Мен өз таңдауымды сенім артқан кандидатқа дауыс бердім. Менің дауысым болашақ ұрпағым үшін, елімнің ертеңін баянды қылуға өз септігін тигізеді деп ойлаймын-, дейді 81 жастағы Тыныштық әже.
