ӘкімдікБасты тақырып
Ауыз су мен байланыс екі ауылдың өтініші
Өткен аптаның соңында аудан әкімі Дастан Сағыров жұмыс сапарымен Ойыл селолық округіне қарасты Қаракемер,Ақшатау елді мекендеріне барды. Сапардың мақсаты қос елді мекендегі тұрғындармен жүздесіп, өзекті мәселелермен танысу. Алдымен әлеуметтік нысандарды аралаған аудан басшысы екі ауылдағы балабақшаның жөндеуден өткізіп, талапқа сай жұмыс істеуі үшін жұмыстану керектігін айтты. «Берік-А» шаруақожалығында болып, мал бордақылайтын қора–жайларымен танысты.
Әзірге өзен жағасындағы ауылдарға көтерме жол арқылы қатынайды. Округ әкімі Дәурен Бисебаев, мәслихат хатшысы Берік Бисекенов және бірқатар мекеме басшылары қатысқан жиында тұрғындардың көтерген мәселесі Қаракемерде ауыз су, Ақшатауда ұялы байланыс орнату. Аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісіп, негізгі міндеттерді атады. Әсіресе, мал тұқымын асылдандыру, кәсіпкерлік саласын жандандыруды алға тартты. Тұрғындардың өтініш-тілегіне, ұсыныстарына қүлақ түрген ауданның жаңа басшысына ақшатаулық Елубай ақсақал елдің тұрмыс-тіршілігін, ахуалын баяндап жұмысына сәттілік тіледі.