Басты тақырып

ЖОЛ КАРТАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРҒА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Өткен апта аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, мәслихат депутаты Еркін Жиеналин, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы, Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2023 жылдың 26 мамырында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Ақтөбе облысы бойынша «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында Қаракемер және Ақшатау елді мекендерінде болды.
Іссапар барысында ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік нысандарды, медициналық пунктерді, мәдени ошақтарды аралап, мектептің модернизациядан өту барысына депутаттық бақылау жасады.
Сонымен қатар аудан бойынша әлеуметтік маңызды нысан болып табылатын аудандық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуі және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мақсатында 18 шілде күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, «AMANAT» партиясының консультанты Молдашқали Жұмағалиұлы, қоғамдық кеңес мүшелері Айсұлу Мәмбетова, Гүлсім Елекбаева депутаттық, қоғамдық, партиялық бақылау жасады.
Аудандық мәслихат депутаттары бұған дейін де мердігер компанияның ауруханадағы құрылыс жұмыстарына бақылаулар жүргізген болатын.
Ойыл аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары үшін мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурста «СК ЭкоСтройГрупп» ЖШС құрылыс компаниясы 391,7 млн. теңгеге жеңіп алды.
Құрылыстың аяқталу мерзімі 1 қазанға жоспарланған. Бүгінгі күні ғимараттың ішкі жұмыстары майлау, сылау, жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйесі өзгертілуде. Алайда, кей жұмыс түрлерінің жұмыс кестесінен қалып, кешігіп орындалуы анықталып отыр. Орын алған олқылықтардың оң шешімін алу бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

Басқа жаңалықтар