ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

Ойыл ауданында

«Ауыл аманаты» басталды!

Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында аудан бойынша ауылдық округтер елді мекені тұрғындарының арасында талдау жұмыстары жүргізіліп, талдау нәтижесінде Көптоғай, Саралжын ауылдық округтері таңдап алынып биылғы жүргізілетін пилоттық жобаға ұсынылып, осы екі округ бойынша барлығы 204 отбасының құжаттары ұсынылды.

Оның ішінде 36 жоба өсімдік шаруашылығы бойынша болса, 148 жоба бойынша құс шаруашылығына қолдау күтіп отыр. 17 жоба шағын кәсіпкерлік, 3 жоба кооперативтер ашу болса, 63 жоба мал шаруашылығы бағытталып отыр.
Осы округтер бойынша 511 отбасының 4308 тұрғынының 17 жастан бастап жұмысқа жарамдысы 2271 адам. 361 зейнеткердің жұмысқа жарамдысы 216 адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар 506 адам болса, оның ішінде тең жартысы 253 адам және жұмыссыз 76 адамның 54-і жобаға қатысқалы отыр. Ал, осы округтердегі атаулы әлеуметтік көмек алатын 29 отбасының 23-і «Ауыл аманаты» арқылы тауарлы несие алуға ұмтылып отыр. Жалпы жобалар саны 267 болып, қажетті несиенің көлемі 272,0 млн. теңгені құрап отыр. Алдағы уақытта жобада қаражат өсімдік, құс және шағын кәсіпкерлікті ашу бағыттарындағы жобаларға бөлінсе, мал шаруашылығы жобасы бойынша тауарлы несие беру басталды. Аудан бойынша тауарлы несие беретін «Берік-А», «Идеят» және «Нұр-Асыл» шаруа қожалықтары анықталып, үш жақты меморандумға отырды. Бүгінгі күнге «Берік –А» ШҚ 1 тұрғынға 4 бас аналық МІҚ, 1 тұрғынға 20 бас саулық қой берді. «Нұр-Асыл» ШҚ 3 тұрғынға 20 бас қой малының аналық басынан барлығы 60 бас берілді, жобаға қатысушылардың құжаттары дайын болса, «Идеят» ШҚ 1 тұрғынға 20 бас саулық қой мен 1 тұрғынға 3 бас аналық мүйізді ірі қара беруге ниетті болып отыр.
Бүгінгі күнге жобаға ұсынылған округ тұрғындары бойынша кепілге қойылатын жылжымайтын, жылжымалы нысандар бойынша құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Саралжын ауылдық округі бойынша 12 тұрғынның құжаттары тапсырылып, 15 жоба ұсынылып отыр, оның ішінде 9 құжат мақұлданды. Көптоғай ауылдық округі бойынша 3 тұрғынның құжаттары тапсырылып, 3 жоба ұсынылып отыр, 2 құжат мақұлданды. 3 құжат қаралу үстінде.
2023 жылға «Ауыл аманаты» жобасы бойынша қалған бес ауылдық округте скринг жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға түсіндірілді. Нәтижесінде бес ауылдық округтен 595 тұрғын жобаға қатысуға ниет білдірсе, оның ішінде 56 жоба өсімдік шаруашылығы бойынша, 174 жоба құс шаруашылығы, 59 жоба шағын кәсіпкерлік, 6 жоба кооперативтер ашу және 300 жоба мал шаруашылығы бойынша болып отыр. Жалпы жобаға қажетті қаржы көлемі 2,906,400 теңгені құрайды. Тұрғындардың қатысу үлесі 25,6 пайыз. 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасына бес ауылдық округтен 2320 аула, 12614 тұрғынның жұмысқа жарамды адамдар 17 жастан бастап, 7449 адам оның ішінде 1181 зейнеткердің 592 зейнеткер (50 пайызы) жұмысқа жарамды, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар 1993 адам, оның ішінде жобаға қатынасатын 737 адам ( 37 пайыз) 372 жұмыссыз адамның 261 адам, яғни 70 пайызы жобаға қатынасады. Бес ауылдық округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын 107 отбасында 594 адам болса, оның ішінде жобаға 75 отбасы, 416 тұрғын (70 пайызды) қатысуға ниеттеніп отыр.
Р. S. Өткен бейсенбі күні Саралжын ауылдық округіндегі «Нұр-Асыл» шаруа қожалығының төрағасы Аманғали Өмірғали «Ауыл аманаты» жобасы аясында Кемер ауылының тұрғындары Артур Сырлыбаев, Әлібек Өтесін, Әділбек Бекесұлына тауарлы несие есебінен асыл тұқымды 60 бас еділбай қойын берді. Келісім шарт екі жаққа да тиімділігін көрсетті. Тауарлы несие ауыл тұрғындары үшін мал шаруашылығын дамытып, отбасы кірісін жақсартуға көмектесетініне да тұрғындар өз ризашылықтарын білдірді.

Басқа жаңалықтар