Басты тақырып
ҚАРАТАЛДАҒЫ ҰЛЫ ТОЙ
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ҚАРАТАЛДЫҚТАР ҮЛКЕН ДАЙЫНДЫҚПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ. ТОҢ БАЙЛАНЫП, ҚАРДЫҢ КҮРТ ЕРУІ ОЙЫЛ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫН БІРАЗ ӘБІГЕРГЕ САЛҒАНЫ РАС, СОНДАЙ-АҚ ТОЛАССЫЗ ТОЛЫҚҚАН ӨЗЕН СУЫ ЕКПЕТАЛ, ҚАРАТАЛ АУЫЛДАРЫНА ДА ҚАУІП ТУДЫРДЫ.
Күннің нұрлы шуағына малынған ағайын бір-біріне ақ тілектерін ақтарып, құшақтаса көрісті. Қарияларымыз елдің тыныштығын тілеп, ырыс, несібеміз арта берсін деген ақ тілектерін берсе, аудан өнерпаздары домбыра шанағынан күй төгіп, ән салды. Айтулы шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Асқар Қазыбаев қараталдықтарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, наурыздың елге, әрбір отбасыға ырыс-берекесімен келуіне тілектестігін білдіріп, су басу қатерін ауыздықтауда күн-түнімен санаспай қолғабыс қылған ауыл тұрғындарына ризашылығын білдірді. Қаратал ауылын көктемгі су тасқынынан қорғау жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін Батырбек Телжанов, Қуанышбек Сұлтанғалиев алғыс хат пен «АНВАР» ЖШС директоры, жерлесіміз Талғат Салфиковтың демеушілігімен 300 мың теңгенің, сондай-ақ Мұрабек
Оспановқа 50 мың теңгенің сертификаты табысталды. Сонымен қатар бірқатар ауыл азаматтарын су тасқынынан қорғау жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін өзінің алғыс хатымен марапаттады. Мерекеге жиналғандар аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген қазақ халқының салт-дәстүрлерін баяндайтын театрландырылған көріністі тамашалады. Наурыз той әрі қарай
ұлттық ойындармен жалғасты. Ауыл азаматтарының демеушілігімен өткен спорттық ойындар
тартысты да, бәсекеге толы болды