Басты тақырыпСпорт
БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ШАҢҒЫ АЛАҢЫНДА АРДАГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ
Дүйсенбі күні Ойыл балалар жасөспірімдер спорт мектебінің алаңында аудандық білім беру қызметкерлері арасында жас ерекшеліктеріне қарай шаңғы тебуден жарыс өтті.
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарыс Ұлы Отан соғысының ардагері Андрей Ларинді және спорт ардагері Виктор Рудаевты еске алуға арналды. Мұндағы мақсат- мұғалімнің спорттық шеберлік деңгейлерін арттыра отырып, шаңғы спортын аудан көлемінде насихаттау. Сайыс шарты бойынша ерлер 2 шақырым, ал нәзік жандылар 1 шақырым қашықтықта бақтарын сынады. Нәтижесінде 24-39 жастағы ерлер арасында І орын алған Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Бекзат Әліпқалиев, ІІ орын Ш.Берсиев атындағы орта мектептің дене тәрбиесі мұғалімі А.Ардақұлы, ІІІ орын Көсембай негізгі мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Амандық Ғабдуллин иемденді. 24-39 жас әйелдер арасында болған сайыста І орын Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі мұғалімі А.Сәтбаева, ІІ орын Ойыл қазақ орта мектебі дене тәрбиесі мұғалімі А.Кенжебай, ІІІ орын Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі А.Сүйесінова және Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Данагүл Смағұлқызы жүлделі болды. Ал 40-49 жас аралығындағы ерлер арасында І орын Жақсыбайкөл негізгі мектебі дене тәрбиесі мұғалімі М.Мүсіров, ІІ орын Саға мектеп балабақшасының дене тәрбиесі мұғалімі Райымбек Құрманғазин, ІІІ орын Сапақкөл орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Н.Сапарғалиев пен Екпетал НМ мұғалімі Құрал Дүйсенғалиев еншілесе, әйелдер арасында І орын Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің мұғалімі Д.Жалғасова, ІІ орын Ж.Жүсібалиев атындағы ҚОМ мұғалімі Орынгүл Раушанова, ІІІ орын Екпетал негізгі мектебі дене тәрбиесі мұғалімі Г.Рзина және Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің мұғалімі И.Ержанова иеленді.
50-59 жастағы ерлер арасында болған бәсекеде І орын Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Ш.Ертілеуов, ІІ орын Ш.Берсиев атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Н.Әділов, ІІІ орын Ойыл қазақ орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Талғат Есенғарин, Саға мектеп балабақшасының мұғалімі Б.Шуақов сынды азаматтар жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім бөлімі басшысының мақтау қағаздарымен марапатталып, білім және ғылым қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ төрайымынан демеушілік жасалып, шипажайға жолдама берілді.
Жалпы аудан көлемінде қысқы спорт түрлері кенже қалғаны рас. Сондықтан бұл олқылықтың орнын толтырып, осындай жарыстар жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып, жалғасын табатын болады.
Гаухар АЛЕКСЕЕВА.