Көктемдегі су тасқынына байланысты Екпетал елді мекенін су басу қаупі туындап тұрғындар уақытша аудан орталығы Ойыл селосына эвакуацияланған болатын. Осыған орай Екпетал елді мекенінде тұратын сайлаушылар уақытша дауыс беру орны Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне ауысты. Ал ауылда қалған азаматтарға дауыс беру қайықпен көшпелі түрде ұйымдастырылды. Бүгін екпеталдықтар белсенділік танытып Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектес тыс сайлауына 393 сайлау учаскесінде өз дауыстарын беруде. Гаухар АЛЕКСЕЕВА, Ойыл селосы.