Басты тақырып

Заңсыз жүк тасымалының жолын кесу туралы

2023 жылғы 17 наурызда Ақтөбе облысының «Әлімбет» автокөліктік өткізу пунктінде Ресей азаматы тізгіндеген «Ауди» автокөлігін тексеру кезінде қысқа хабарламаларды жалпылап таратуға, қабылдауға және белсендіруге арналған бағдарламалық-ақпараттық «Sim-box» кешені және 600-ден аса түрлі қазақстандық мобилді байланыс операторларының sim-карталары табылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаменті аталған материалды процессуалдық шешім шығару үшін полиция органдарына тапсырды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар