Басты тақырыпДенсаулықМәдениетРухани жаңғыруСпорт

СПОРТ СЕРІСІНІҢ МЕРЕЙТОЙЫ

Өткен сенбі волейболдан республикалық жарыстың үш дүркін жеңімпазы, жоғары санатты ұстаз, Ойыл ауданының волейбол спортының ардагері Мақсат Сұлтановтың 63 жас мерейтойына орай волейболдан мұғалімдер арасында облыстық ашық турнир өтті.

Турнирге Алға, Байғанин, Мұғалжар, Қобда, Хромтау аудандары және  Ойыл, Ойыл-түлек ұстаздар командалары қатысты. Спорттық доданың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев аудан әкімінің құттықтау хаты, «Ойыл ауданының құрылғанына 100 жыл» мерекелік медалімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хатынтабыстап, мерейтой иесінің иығына шапан жапты.Ойыл аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Меруенов пен білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлмира Избағамбетова да мерейтой иесіне ізгі лебіздерін білдіріп, шипажайға жолдама ұсынса, Ойыл қазақ орта мектебінің директоры Роза Ұлықпанова бастаған мектеп ұжымы мерейтой иесіне ат мінгізді.
Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мыңжасар Досов аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдиннің құттықтау хатын жеткізіп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты. Құтты меймандардың мерейтой иесіне деген тілектерінен кейін, жарыстың алғашқы ойындары да басталып кетті.
Ойылдықтардың ыңғайына келетін волейбол ойыны қашанда жоғары деңгейде өтеді. Тартысты ойында өз шеберліктерін көрсеткен Байғанин ауданы ІІІ орынға тұрақтаса, Хромтау ауданынан келген команда ІІ орынды еншіледі. 7 команданың ішінен дара шыққан Ойыл-түлек ұстаздар командасы жүлделі І орынды иеленді.

Басқа жаңалықтар