ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Мал ұрлығын болдырмау — басты мақсат!
Ойыл ауданының басты экономикалық бағыттарының бірі - мал шаруашылығы. Ауылшаруашылық жануарлары аудандағы тұрғындардың басым бөлігінің табыс көзі мен байлығы болып табылады.
Мал ұрлығына ықпал ететін негізгі себептерге: жануарлардың қараусыз қалуы және олардың жайылымын нашар ұйымдастыру жатады.
Қылмыстардың бұл санаты жайылым кезінде де, тұрғын үйдің, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, қораның ауласына енуімен де жасалады.
Малды жымқыру мәселесі біздің заманымыздағы ауылдық жерлердегі ең өзекті мәселелердің біріне айналуда. Көптеген жәбірленушілер үшін мал жалғыз тіршілік ету құралы, ал ауылшаруашылық субъектілері үшін, өндіріс құралы болып табылады. Малдың жоғалуы айтарлықтай материалдық шығынның туындауына әкеледі.
Мал ұрлығы бойынша жаза, әдеттегі ұрлыққа қарағанда әлдеқайда қатал. Мал ұрлығына ықпал ететін жағдайлардың бірі — ауылдағы жұмыссыздық, жануарларды бірдейлендірмеу, чиптеу құралдарын қолданбау, малды бақылаудың техникалық құралдарын (GPS) пайдаланбау, яғни мал басының иелерінің жайылымды ұйымдастыруға немқұрайлы қарауы, үй жануарларының қараусыз қалуы әсер етеді.
Біреудің мүлкіне қол салып қылмыс жасау, абырой әкелмейтіні анық. Дана халқымызда, «Ұрлық түбі — қорлық» — демекші, әрбір азамат ұрлықтың жақсылыққа жетелер жол емес екендігін түсінгені дұрыс.
Ойыл ауданының прокуратурасы