Басты тақырып
АЙЫМ — «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІНІҢ» ИЕГЕРІ
Азаматтық ұстанымы жоғары және патриоттық белсенділігін танытқан Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 10 — сынып оқушысы Айым Сисенова «Елбасы медалі» жобасы бойынша қола медалімен марапатталды.
«Елбасы медалі» жобасы — өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың үйлесімді жетілуіне мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың белсенді, шығармашыл және талантты жастарды қолдауы. Аталған медаль иегерлері жоғары оқу орындарына білім гранттарын тағайындау кезінде артықшылыққа ие болады. Яғни талапкерлердің ҰБТ балдары тең болған жағдайда «Елбасы медалінің» бағдарламасы иегеріне басымдық беріледі. Бүгінде жастардың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. «Елбасы медалі» бағдарламасы – бұл білімді жетілдіруге және тұлғалық өсуге бағытталған бірегей жоба. Жоба қатысушылардың талантын ашуға көмектеседі, олар білімге ұмтылады, қоғам өміріне белсенді араласады, болашақта өмірде пайдалы болатын тәжірибе жинайды. Жарайсың, Айым!