Басты тақырыпДенсаулық

Алғысқа бөленіп, құрметке кенелді

Ақ халатты абзал жандар қандай да құрметке лайық! Мереке қарсаңында ұсынылған сый ұзақ жылғы еңбектің жемісі.
Өткен аптаның соңында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов облыстың бір топ медицина саласының қызметкерлерін қабылдап, лайықты марапаттарын ұсынды.
Олардың ішінде ойылдықтар да бар.
Облыс әкімі медицина қызметкерлері күніне орай Ойыл аудандық ауруханасының невролог дәрігері Айбек Асылбековтің кеудесіне ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің жолдаған “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісін тақса, Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы Ойыл бөлімшесінің дезинфекторы Талғат Бекетаев «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» алғыс хатын ұсынды.
Медицина қызметкері күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін Әлия Баймағамбетқызы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың құрмет грамотасына ие болды.

Басқа жаңалықтар