ӘкімдікБасты тақырып

ҚОС МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

23 маусым мемлекеттік қызметшілер және полиция күні. Атаулы күндерін сән-салтанатпен қарсы алған қос мереке иелерінің ерен еңбектері мен төгілген тері осы күні аудандық мәдениет үйінде тағы бір мәрте бағаланды.

Айтулы шарада аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы ұзақ жылдар қызмет еткен бірқатар еңбек ардагерлерін марапаттап, аудандағы полиция қызметкерлерін де құрметке бөледі. Мемлекеттік қызмет саласындағы абыройлы қызметі үшін облыс әкімі Ералы Тоғжановтың Алғыс хатын мемлекеттік қызмет саласындағы абыройлы қызметі үшін Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Бақберген Мұқамбетқали, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің бас маманы Бибігүл Ертемірова, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Талант Медеттің Алғыс хатымен Қайыңды ауылдық округінің бас маманы Хасен Оралов, Ойыл аудандық мәслихатының бас маманы Рая Базарова, мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы еңбегі және ауданның қаржы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Ойыл аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанат Мусина наградталды. Мемлекет мүддесі мен мақсаттарын жүзеге асыруда қос саланың қызметкерлерінің де рөлі ерек. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ардақ Қангелдин кәсіби мереке иелері мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне және сала ардагерлеріне ізгі лебізін білдіріп, құттықтауын жеткізді. Ішкі істер министрлігінің «Құрметті ардагері» омырау белгісімен Ішкі істер органының ардагері Тілеген Алданаев, «Қазақстан Полициясының құрылғанына 30 жыл» мерекелік медалімен Ішкі істер органының ардагері Алексей Бисенғалиев наградталды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың Алғыс хатымен көші-қон қызметі тобының аға инспекторы, полиция капитаны Қайрат Сағиев, Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Жүсіпов Абай Қуатбайұлының Алғыс хатымен тәлімгерлік міндеттерін адал атқарып, өскелең ұрпақты кәсіби шеберлікке даярлауда жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін Ішкі істер органының ардагері Сағызбай Қалишев, Назар Шотанов, Алексей Бисенғалиев марапатталды. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің кеңесшісі, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталиннің Алғыс хатымен Ішкі істер органының ардагерлері Марат Арыстанов, Нұрлыбек Шәуменов, Асқар Рахметуллиндер марапатталды. Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарып, отбасында алған игі тәрбиесін жұмыспен ұштастыра білгені үшін аудандық полиция бөлімі күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторының полицейі, полиция кіші сержанты Әділет Қайранбаевтың ата-анасы марапатталды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ардақ Қангелдин де өз тарапынан бірнеше қызметкерді марапаттады. Салтанатты сәтте мемлекеттік қызметке қосылған жас мемлекеттік қызметшілер Қараой ауылдық округінің бас маманы Сұлтан Рүстем, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің жетекші маманы Амангүл Елеуова ант беріп, мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының ән-жырына ұласты.

Басқа жаңалықтар