ӘкімдікСпорт

Қайырымдылық марафоны

Өткен аптада аудандағы мемлекеттік қызметкерлер мен ішкі істер органының қызметкерлері аудан әкімдігі алдына «Қайырымдылық марафонына» жиналды.Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы қарсаңындағы қайырымдылық шарасына қатысушыларды аудан әкімі Дастан Сағыров келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап, ұлтымыздың ұлы қасиетін ұлықтап, үлес қосқандарға шынайы лебізін білдірді.

«Қайырымдылық марафонына» қатысуға тілек білдірген 47 қызметші орталық көшенің бойында белгіленген бір айналымды әп-сәтте жүгіріп өтті. Қайырымдылық жүгіру болса да, жарыс болған әркімнің де озуға тырысатыны анық. Осы орайда аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Қайрат Сағиевтың өзінің спорттық бабын көрсетіп, негізгі лектен көш бойы озық келгенін айтуымыз керек. Мәреге алғашқы болып жеткен марафонға қатысушыларды аудан әкімі арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Басқа жаңалықтар