Әкімдік

Заң – елдің игілігіне қызмет етеді

Өткен аптада Ойыл ауданына Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында өңірдің тынысымен танысып, аудан активімен кездесті.

Кездесу кезінде Сәкен Жүсіпахметұлы қазіргі таңдағы сот саласына жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндады. Әсіресе, әділет сотын құру туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, заң бойынша белгіленген қоғамның әр бөлшегінің, азаматтың, ата-ананың, баланың міндеті мен құқықтары туралы жан-жақты түсінік берді. Еліміздің алтыншы өңірінде қызмет етіп жатқанын тілге тиек облыстық соттың төрағасы алып далағы аймақтық ерекшеліктер мен салт-сана туралы да ой толғады. Өзі заң ғылымдарының кандидаты болғандықтан, қолданыстағы заңдардың дайындалу барысы мен орындалуы жайлы да баяндады. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға да байыпты жауап берді. Ал, аудан тұрғындары атынан сөз алған ақсақалдар сапарына сәттілік тілеп, ізгі лебіздерін білдірді.

Басқа жаңалықтар