ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
«ЕҢБЕКПЕН ӨСКЕН ШАҢЫРАҚ»
«Отан - отбасынан басталады» - деген ұлағатты сөздің мәнін айшықтайтын «Отбасы күні» мерекесі 2013 жылдан бері қыркүйек айының екінші жартысында атап өтіледі.
«Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында «Еңбекпен өскен шаңырақ» осындай атаумен өткен шара отбасы күніне арналды.
Ауданымызда шырайлы, шаттығы мол отбасылар жетерлік. Сондықтан да кездесуге солардың бірқатары келіп, отбасылық құндылықтар турасында ғибратты әңгімелер айтты.
Мерекелік кешті қорытындылаған аудан әкімі Асқар Қазыбаев шараның маңыздылығына тоқталып, үлгілі отбасыларды құттықтап сый-сияпаттар мен кәсіпкерлер атынан ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Сонымен қатар «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркін Жиеналин «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарына өзінің құттықтау хатын тапсырды.
Мерекелік шарада аудан өнерпаздары әннен шашу шашса, аудандық оқушылар үйінің оқушылары бір сәт шығармашылық қиялға беріліп, «Отбасы — бақыт мекені» деген тақырыпты аша түсуге тырысты.
Осындай берері мол тәрбиелік мәні зор шарада өз көрген-білгендерімен бөлісіп көремендерге ерекше әсер беріп, ой салғандарына сенімдеміз.