ӘлеуметБасты тақырыпСпорт

АУЫСПАЛЫ КУБОК ҚАРАОЙДА ҚАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту, ауыл тұрғындарының, жастардың денсаулығын шыңдау, бос уақыттарын мәнді өткізу мақсатында өткен демалыс күндері Қараой ауылдық округінде ауыл спортшыларының жазғы аудандық спартакиадасы ұйымдастырылды.

Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қазыбаев сөз сөйлеп спортшыларға сәттілік тілесе, ауданымыздың спорт ардагерлері жастарға бата берді. Спартакиада бағдарламасы бойынша 10 спорт түрінен (волейбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату, үстел теннисі, теңге ілу, аударыспақ, қол күрес, гір спорты) өтті.
Осы спорт түрлері бойынша өткен жарысқа 8 команда (Ойыл, Қайыңды , Саралжын, Ш.Берсиев, Көптоғай, Сарбие, Қараой -1, Қараой -2) қатынасты. Волейбол, шағын футболдан өткен ақтық ойындар тартысты өтіп, көрермендер көңілінен шықты.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қараой ауылдық округі командасы 209 ұпай жинап І орынға ие болып, ауыспалы кубокты жеңіп алса, 202 ұпаймен ІІ орынды Көптоғай ауылдық округі командасы иеленді.
Барлық спорт түрінен 176 ұпай жинаған Ш.Берсиев ауылдық округі командасы ІІІ орынға ие болды.
Ал, тартысты жарыстарды жіктер болсақ, шағын футболдан ІІІ орынды Сарбие ауылдық округі командасы, ІІ орынды Ойыл ауылдық округі, І орынды Қараой ауылдық округі иеленді.
Волейбол сайысында (ер) ІІІ орын Саралжын ауылдық округі командасы, ІІ орын Ш.Берсиев ауылдық округі, І орынды жеңіп алған Қайыңды ауылдық округі командасы ие болды.
Волейбол сайысында (қыз) ІІІ орын Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі командасы, ІІ орын Қараой ауылдық округі, І орынды жеңіп алған Қайыңды ауылдық округі командасы.
Қазақ күресі: 55 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Е.Досжанов (Ш.Берсиев), ІІ орын Д.Қабдуахитов (Ойыл), І орын Б.Мұхамбетов (Көптоғай). 60 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын М.Бақытжанов (Ш.Берсиев), ІІ орын А.Құлмурзин (Ойыл), І орын Н.Мұхамбетов (Көптоғай). 66 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Ғ.Ибрайым (Ш.Берсиев), ІІ орын Н.Жұмабергенұлы (Көптоғай), І орын Ұ.Жұмағалиев (Қараой).
74 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын А.Ардақұлы (Ш.Берсиев), ІІ орын А.Бисенғалиев (Сарбие), І орын Е.Сапаров (Қараой). 82 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын А.Қабдрахимов (Сарбие), ІІ орын Берік Бекболат (Ш.Берсиев), І орын М.Бисембаев (Қараой). + 90 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Е.Құлбаев (Қайыңды), ІІ орын Ғазиз Нұрәділ (Саралжын), І орын Ә.Ақанұлы (Сарбие). Қол күрес: 60 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Н.Демеуұлы (Сарбие), ІІ орын Н.Жұмабергенұлы (Көптоғай), І орын Е.Жармағанбеов (Қараой). 70 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын А.Бисенғалиев (Сарбие), ІІ орын Н.Сәрсенғалиев (Көптоғай), І орын Ұ.Жұмағалиев (Қараой). 80 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын М.Бисембаев (Қараой), ІІ орын Е.Жабасов (Ш.Берсиев), І орын Р.Сағынов (Көптоғай). +90 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Қ.Құсан (Ш.Берсиев), ІІ орын Ш.Хасенов (Сарбие), І орын Б.Күзембаев (Қайыңды).Гір спорты: 60 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Д.Дауабаев (Қараой), ІІ орын Б.Шыңғысов (Қайыңды), І орын Н.Смағұлов (Көптоғай). 70 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Ш.Ботаев (Ш.Берсиев), ІІ орын С.Саматұлы (Сарбие), І орын Н.Сәрсенғалиев (Көптоғай). 80 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Е.Жабасов (Ш.Берсиев), ІІ орын А.Қабдрахимов (Сарбие), І орын Р.Сағынов (Көптоғай). +95 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын Б.Күзембаев (Ш.Берсиев), ІІ орын Е.Иманқұлов (Қараой), І орын А.Төлепбергенов (Көптоғай).
Аударыспақ: 70 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын А.Теміржанов (Ш.Берсиев), ІІ орын М.Ғұмаров (Көптоғай), І орын Б.Аубәкіров (Ойыл). 80 келі салмақ дәрежесінен жоғары ІІІ орын Б.Күзембаев (Қайыңды), ІІ орын А.Құспанов (Қараой), І орын Ж.Елемесов (Көптоғай).
Теңге ілу: ІІІ орын Е.Еркінжан (Қараой), ІІ орын Б.Шыңғысов (Қайыңды), І орын М.Ғұмаров (Көптоғай).
Тоғызқұмалақ (ер): ІІІ орын Қ.Сағынғанов (Ш.Берсиев), ІІ орын Е.Садуов (Қараой), І орын Н.Арихов (Ойыл).
Тоғызқұмалақ (қыз): ІІІ орын Д.Сәрсенова (Қараой), ІІ орын А.Нұрғалиева (Саралжын, І орын А.Болатова (Көптоғай).
Асық ату (ер): ІІІ орын С.Аманжолов (Қайыңды), ІІ орын Ұ.Жұмағалиев (Қараой), І орын Ш.Есекенов (Ш.Берсиев).
Бес асық (қыз): ІІІ орын А.Болатова (Көптоғай), ІІ орын А.Елеуова (Ш.Берсиев), І орын Ш.Болатова (Қараой).
Үстел теннисі (ер): ІІІ орын Е.Жиенбеков (Қараой), ІІ орын Н.Мұқашев (Ш.Берсиев), І орын Қ.Асылханов (Көптоғай).
Үстел теннисі(қыз): ІІІ орын К.Егізбаева (Қайыңды), ІІ орын М.Қажымұратова (Ш.Берсиев), І орын Н.Хамит (Көптоғай).
Ауыл спортшыларының жазғы аудандық спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегелерге жекелей спорт түрлерінен өткен жарыста әр споршыға грамотамен және демеушілердің қолдауымен қаржылай марапаттар ұсынылды.

Басқа жаңалықтар