ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Ауданымыздың болашағына алғашқы болып үлес қосқым келді

Таңмен таласа Ойыл селосындағы №389 сайлау учаскесіне келген Базар Төреғалиев Президент реформасына сәйкес халықтың әкімді сайлауда өздері таңдау маңызды екендігін жеткізді. Базар ағаның айтуынша, мұнда ол учаске ашылмай тұрып келген.
– Сайлауда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Сол әдетім бойынша биыл да ерте келдім. Бірінші болып дауыс беру үшін ерте тұрып, сағат 06:00-ден бері учаскенің ашылуын күттім. Ауданымыздың болашағын айқындайтын үлкен саяси науқанға алғашқы болып үлес қосқым келді, – дейді Базар Төреғалиев.