ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ЖАҢА КӨПІР САЛЫНАДЫ!
Ойыл селосына кіре берістегі көпірдің қандай маңызға ие екеніне биылғы көктемгі су тасқыны кезінде көзіміз жетті. Ауданның күре тамыры саналатын көлік жолынан басқа қатынасы жоқ Ойыл үшін бұл көпір бұзылғанда қандай күй кешкенімізді бәріміз білеміз.
Әрине, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін уақытша көпір салынды. Енді көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда «ТенгизСтройСервисГрупп» ЖШС мердігер компаниясы арнайы техникалардың көмегімен асфальт бетін қыру, плиталарды тазалау, бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айнат Қазмағамбетовтың айтуынша, көне көпірдің орнынан жаңа көпір салынады.