Әкімдік

Күн тәртібінде: ауылдың ажары

Әр жыл сайын селолық округтерде ауданның барлық әкімшілік аппаратының қатысуымен көшпелі отырысы өтеді. Мақсаты күн тәртібінде тұрған негізгі мәселерлерді талқылап, орындалу барысын жүзеге асыру, тұрғындардың қажеттілігіне қарай, сұраныстарын, сауалдарын қанағаттандырып, өзекті проблемаларды ортаға салып дауыс беру арқылы қаулы қабылданады. Өткен жұмада аудан әкімі Дастан Сағыровтың төрағалық етуімен Саралжын селолық округінде көшпелі отырысы өтіп, алқа мәжілісі болды.

Алқа мәжілісіне селолық округ әкімдері, бөлім басшылары қатынасты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Округ әкімдері «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша жүргізілген жұмыстар мен алдағы атқарылатын жоспарлары туралы ақпарат берсе, аудандағы мемлекеттік мекемелердің көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттерінің сақталуы туралы және халықты жұмыспен қамту кешенді жоспарындағы шаралардың орындалу барысы жөнінде сала басшылары баяндама жасады. «Туған жерге тағзым» акциясы ауылды ажарландыруға, көркейтуге арналған ауқымды жоба. Бұған дейін де жергілікті кәсіпкерлердің, түлектердің қолдауымен елді мекендердегі мектептер, ауыл көшелері тағы басқа әлеуметтік нысандар акцияның игілігін көруде. Мұндай жұмыстар әлі де жалғаса береді. Село әкімдерінің есебін тыңдаған аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы кейбір округ басшыларына жұмысты көбейтіп, жандандыруға нақты тапсырмалар берді.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Серік Меруенов аудандағы мемлекеттік мекемелердің көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттерін сақтаулуы жөнінде хабарлама жасады. Оның мәлімдеуінше соңғы бес айда аудан әкімінің өкіміне сәйкес 42 мемлекеттік мекеме және бағынышты ведомствалық ұйымдарға ішкі мемлекеттік бақылау жүргізілген. Анықталған кемшіліктер мен ұсыныстарды қалпына келтіру мақсатында ішкі мемлекеттік бақылау нәтижесінде 28 ұсыныс беріліп, оның 17-сі орындалды. Бұдан басқа мемлекеттік қызметтегі мамандармен семинарлар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді.

Кешенді жоспардың және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының» іске асырылу барысы туралы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Аралбай Жолдыбаевтың мәлімдеуінше 1813 адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралармен қамту жоспарланып, 2018 жылдың 1 маусымына 716 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Аудан жұмыссыздықтың өсуін болдырмау мақсатында, Ойыл ауданының 2018 жылға арналған халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларының бағыттары бойынша кешенді жоспары жөнінде ақпараттар баяндалды.

Көшпелі отырыстан соң Астананың 20 жылдығынай орай аудан әкімдігі аппараты округ әкімдері, мекеме басшылары арасында футболдан жолдастық кездесулер өтті.

С.ЖҰБАНҒАЗИН,

Ойыл-Кемер-Ойыл.

 

Басқа жаңалықтар