ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ҮШ ЖЫЛДЫҢ ҮЛЕСІН САРАЛАҒАН СЕССИЯ

Өткен аптада аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдинның төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезекті сегізінші сессиясы өтті.

Сессия отырысына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатынасты.
Алдымен аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №192 «2023-2025 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені талқылаған депутаттар «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Болатбек Әділхановтың хабарламасын тыңдап, ұсыныстарын енгізді.
Болатбек Әділханоұлы одан кейін 2024 жылға арналған Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету көлемі туралы мәлімдеді. Ал, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев «Ойыл ауданының Құрметті азаматы» атағын беру үшін ұсынылған азаматтардың өмір жолдарын баяндаса, одан кейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Сәндібек Дәулетқалиев Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін туралы хабарлады.
Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі және білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының төрағалары Еркін Жиеналин мен Сәндібек Нұрбаевтар әріптестеріне өздерінің жыл ішінде атқарған жұмыстарын баяндаса, депутат Назгүл Ешпанова ауыл тұрғындарының тілектерін арқау етіп, Қаратал ауылының көшелерін асфальттау туралы депутаттық сауалын жолдады.
Сессия соңында аудан әкімі Асқар Қазыбаев халық қалаулыларына жыл ішіндегі жемісті еңбектері үшін алғыс айтып, депутаттар көтерген кейбір мәселелерге орай түсінік берді.

Басқа жаңалықтар