ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпДенсаулықСпорт

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ СПОРТТАҒЫ ЖЕМІСІ

Жыл соңында Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі де 2023 жылды қорытындылап, халықаралық, республикалық дүбірлі додаларда аудан абыройын асқақтатқан спортшыларға ғана емес, сонымен қатар бапкерлері мен жас спортшылардың биік белестерді бағындыруына басты себепкер ата-аналары мен ауданда спорттың дамуына үлес қосқан ардагерлерді де құрметке бөледі.


Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының “Жыл жаттықтырушысы” номинациясы, Ойыл аудан әкімдігінің төсбелгісімен каратэ-до спорт бөлімінің жаттықтырушысы Ержан Сағидоллаұлы, волейбол спорт бөлімінің жаттықтырушысы Рахат Сәлімұлы, еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы Нариман Болысбаев, гір спорт бөлімінің жаттықтырушысы Нұрасхан Мырзағұлұлы, дзюдо күресінің жаттықтырушысы Азат Шерниязов марапатталды. Ауданымыздың спортының дамуына себепкер аға буын ардагер спортшылар Рысты Құлмаметова, Сейітжан Ермағамбетов, Болат Бекетаев, Мақсот Сұлтанов «Спорт ардагері» номинациясымен және төсбелгісімен наградталды.
Волейбол спортынан 2017 жылдан бері әр жас ерекшеліктері бойынша спорт мектебінің түлектері Облыс чемпионаттарында жеңімпаз болып келеді. Мерекелік кеште сол сара жолды жалғастырушы 2009-2010 ж.т, 2011-2012 ж.т жасөспірімдер командасы жылдың үздік спортшылары номинациясы және мектеп мақтаныштарын тәрбиелеуде қосқан үлестері үшін ата-аналары да Алғыс хаттармен марапатталса, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркін Жиеналин, аудандық аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев, аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен спорт мектебімен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасап, қоғамдық шараларға белсене атсалысқан мектеп қызметкерлері де марапаттан тыс қалмады.
P.S. ОЙЫЛ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНДЕ 870 СПОРТШЫ СПОРТТЫҢ 11 ТҮРІМЕН АЙНАЛЫСУДА. ЖЫЛ ІШІНДЕ 23 СПОРТШЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР АТАНДЫ.

Басқа жаңалықтар