Әлеумет

«Қоғамға қызмет» жобасы ұстаздар да үлес қосып жатыр

Келешегіміздің кемел болуы үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар алдындағы жауапті іс. Сондықтан елімізде мұғалімдердің мәртебесін көтеруге үлкен мән берілуде. «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты», демекші ұстаздардың қоғам өмірінен ажырмай шәкірт дайындауда ілімнің жолын қуып ғана қоймай олардың ұлт үшін ұлы тұлға болып қалыптастыру жолында ұстаздарға үлкен міндет жүктеліп отыр. Яғни, елдің тыныс-тіршілігінен бейқам өспесі үшін білім ошақтарында оқушылардың балғын шағынан қайырымдылық шараларға қатысуға үндейтін жобалар жасақталуда. Солардың біріне тоқталсақ, елімізде Республика бойынша «Қоғамға қызмет» еріктілер тобы құрылып келеді. Осы бағытта Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде «Қоғамға қызмет» бұрышы жасақталды.
Топ құрамы мектептің жас мұғалімдерімен қатар белсенді оқушылардан жасақталған. Аталған топтың төрағасы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әбділда Сағынов. Клубтың басты мақсаты —  халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне, гуманитарлық қолдау көрсету барысында студенттердің саяси-әлеуметтік мәдениетін және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру. Сондықтан білім ошағында жүріп-ақ қоғамдағы әр түрлі шараларға белсенділік танытып жүрген жас жігіт бүгінде клубтың алдына үлкен міндеттерді жүктеп отыр. Нақтырақ айтсақ, «Мейірімділік-жүректен», «Менің отбасым», «Біздің балалар», «Қарттарға құрмет», қайырымдылық шаралары аясында әлеуметтік тұрмысы төмен жайсыз отбасыларға, жалғызбасты қарттарға көмек қолын созып, демеушілерді тарту және олардың әлеуметтік маңызды идеяларын, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда  еріктілер ретінде көмектесуді жүзеге асырмақ. Осындай қайырымдылық акциялары жалпы аудан мектептерінде жыл бойы атқарылуы тиіс.
Осы орайда, алғашқы шара «Жұмада жақсылық жасайық» атты акциямен басталды. Толығырақ тарқатсақ, өткен жұма күні аудан орталығында бауырсақ пісіріліп, тегін таратылды. Бауырсақ салынған қорапшалардың сыртына аудан тұрғындарын қайырымдылық іс қылуға шақырған сөздер жазылған. «Жұмада жақсылық жасайық!» атты акцияның эстафетасын аудан мектептері мен колледж ұстаздарына әрі қарай жалғастыру үшін жолдады.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар