ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпСпорт

ОЙЫЛДЫҢ ЕКІ ҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

Қысқы каникул кезінде Петропавл қаласында волейболдан 2007-2008, 2011-2012 жылғы қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Чемпионатта құрамында жерлесіміз Айша Наурызбаева бар 2011-2012 жылы туған Ақтөбе облысының қыздар командасы алғашқы күнінен бастап сәтті өнер көрсетіп, 15 команда арасынан топ жарды.
Бір айта кетерлігі, осы жастағы Ақтөбе облысының құрама командасы екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отыр. Сонымен қатар 2007-2008 жылы туған қыздар арасында Ақтөбе облысының құрама командасы І орын иеленіп, екі дүркін чемпионаттың жеңімпаздары атанды. Ақтөбе облысы құрама командасында Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Дана Райымбекқызы бар.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Басқа жаңалықтар