ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Су тасқыны кезінде инфекциялық және паразитарлық аурулардыҢ алдын алу
Су тасқыны үйлерді, шаруашылық фермаларды су басуы мен мүліктердің жарамсыз болуымен ғана қауіпті емес, сонымен қатар дизентерия, іш тифі, А және В паратифі, тырысқақ, ротавирусты инфекциялар сияқты ішек инфекцияларының қолайсыз эпидемиялық жағдайларының өршуіне де әкеліп соқтырады.
Су тасқыны кезінде құдықтар мен ұңғымалардағы сулар дәретханалар мен қазылған шұңқырлардағы тастандылармен ластанады.
Көптеген ауруларды тасымалдайтын кеміргештер су тасқынынан сақтану мақсатында тұрғын үйлер мен ғимараттарға енуінен адамдардың инфекциялық және паразитарлық ауруларды жұқтыру қауіпі ұлғаяды.
Су тасқыны кезінде инфекциялық және паразитарлық аурулардан сақтану үшін қарапайым, әрі тиімді қағидаларды ұстану керек, олар:
— аула мен тұрғын бөлмелерді тазалықта ұстау;
— ауыз суына тек қайнатылған немесе бөтелденген суды пайдалану;
— қазылған шұңқырлардағы тастандыларды уақытылы тазарту;
— жеке бас гигиенасын сақтау, әсіресе кішкентай балалардың күтімінде (дәретханадан кейін, жануарлармен қатынаста болғаннан соң, тағам дайындар алдында және қабылдар кезде қолды сабынмен жақсылап жуу);
— жеміс –жидек, көкөністерді ағынды сумен жуу;
— ет және тез бұзылатын тағамдарды салқын жерде сақтау, сақтау мерзіміне аса көңіл бөлу, жақсылап қайнатып немесе қуыру;
— су тасқынымен ластанған тағам өнімдерін пайдаланбау;
— шаруашылық фермаларды тазалау кезінде қорғағыш қолғап қолдану, жұмыс істеу барысында темекі тартпау, тамақ ішпеу керек, өйткені лас қолмен инфекция ағзаға түсуі мүмкін.
Жіті инфекциялық аурулардың белгілері туындаған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, құсық пен сұйық нәжіс және т.б. болғанда) тез арада медициналық көмекке жүгініңіз. Төтенше жағдайлар орын алған кезде күнделікті уақытта қарапайым гигеналық қағидаларды, сонымен қатар біздің ұсынысымызды орындасаңыз Сізді көптеген аурулардан сақтайтынын естен шығармаңыз! Ішек инфекциясының белгілері болған жағдайда өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз, тез арада медициналық көмекке жүгініңіз.
Ойыл аудандық санитарлы-эпидемиологиялық бақылау басқармасы