Әкімдік

«Nur otan» партиясының Ойыл аудандық филиалының ХХXIX кезектен тыс конференциясы

«Nur Otan» партиясының Ойыл аудандық филиалының кезектен тыс ХХХIX конференциясы өтті. Конференцияға аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы мен «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин, саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты. Конференция барысында күн тәртібінде 4 мәселе ұсынылып, ұсынылған мәселелер кезек-кезегімен толық қаралды. Ауданда өткен кезектен тыс конференциясының қорытындысы бойынша, «NurOtan» партиясының Ақтөбе облысы Ойыл ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Өткізілген пікірсайыстар қорытындысы бойынша кандидаттар үшін дауыс берілді. Дауыс беруге жалпы саны 20 кандидаттар қатысты. Конференция соңында «Nur Otan» партиясынан Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімі және «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына делегаттар тізімі бекітілді.

Басқа жаңалықтар