ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Амангелділіктер ауылына аттанды
Ойылдың арнасына жақын ауылдың бірі — Амангелді. Әуелден бірлігі бекем ауылдың жігіттері тасқынға тосқауыл болып, түнімен дамбаны нығайтып, осал тұстарын көз ілмей күзетіп, ауылды аман алып қалды. Су арынын көріп, бағамдағандар ауылдағы балалар мен әйелдерді, үлкен кісілерді ертерек Ойылға көшірген еді.
Тоң жібігесін, жолдың да жайы белгілі болды. Кеше ауылға тіке жолды қалыпқа келтірді. Бүгін бес Ойылда болған тұрғындар «Өз үйі — өлең төсегіне» оралды. Бүгін арнайы көлік ұйымдастырылып, жеткізілді.