Басты тақырыпРухани жаңғыру
«Көрме сәні — жәдігер»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі қорда жинақталған жәдігерлердің бірігейі білтелі керосинка топтамасына арналған «Көрме сәні-жәдігер» атты көрме ұйымдастырылып, екі ай бойы келушілер назарына ұсынылды. Көрмеге өткен ғасырдың 70-80 жылдары шығарылған жермайды қолдану арқылы ашық отта асты дайындау үшін пайдаланылатын тұрмыстық құралы керосинкалар жиынтығы мен білтелі шамдар мен фонарлар қойылып, кеңес заманы кезіндегі аудан халқының тұрмыс тарихынан сыр шертетін жәдігерлер келуші қонақтардың қызығушылығын оятты. Музейге келіп тамашалаймын деушілерге наурыз-сәуір айларында жастық ағаштар жиынтығына арналған «Көнеден жеткен көрікті жастық ағаш» атты көрмесі ұсынылады.
Дулат ИСАБАЕВ,
Ойыл аудандық музейінің экскурсия жетекшісі.