ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

МЕНІҢ ДАУЫСЫМ МАҢЫЗДЫ!

Таң ұйқысын қиып, сайлау учаскесіне асыққандарда шек жоқ. Аудан тұрғындары бір кісідей белсенділік танытуда. Солардың бірі – Назира Еламанқызы. Ол жуырда ғана 18 жасқа толды. Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университеттің бірінші кур студенті. Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бірінші рет Ойыл селосындағы №391 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

«Бұл сәтті көп күттім, қазір ерекше көңіл күйдемін. Сайлауға қатысу үшін ауылға арнайы келдім. Сайлауда берген дауысым кандидаттар үшін маңызды деп ойлаймын. Додаға түсіп жатқан үміткерлерге сәттілік тілеймін» — деді ол.

Басқа жаңалықтар