ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ЖАСЫЛЕЛДІК ЖАСТАР ОЙЫЛ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢА ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА КӨМЕКТЕСУДЕ
ХХ еңбек маусымының 3 кезеңі - маусым айында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 25 сарбазы Ойыл ауданында су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынып жатқан үйлердің құрылысына көмектесуді бастады.

Олар құрылысшыларға көмекші ретінде өздеріне белгіленген жұмыстарды атқарады.
Айтып өтейік, көктемгі су тасқыны кезінде Ойыл ауданының Қаратал, Екпетал ауылдары зардап шекті.
Тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіліп, әлеуметтік төлемдер төленді. Сондай-ақ, оларға Ойыл ауданы орталығынан дайын тұрғын үйді сатып алуға немесе салынып жатқан жаңа үйлерге қоныстануға мүмкіндік берілді. Бүгінгі күні аудан орталығында және Қаратал ауылында 150-ден астам үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, өз таңдауымен екінші нарықтағы үйге көшкен отбасылар саны 93-ке жетті.